Нашар көретіндерге арналған Режим

Вместе со временем









БАҚ біз туралы

«KC Energy Group» – Қазақстанның мұнай өнімдерінің көтерме сауда нарығындағы жаңа ойыншы

2023 жылдың соңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ «KC Energy Group» ЖШС-де 49% үлесіне ие екендігі туралы жаңалық пайда болды, ал 2024 жылдың ақпан айында бұл компания Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерін ішкі нарыққа жөнелту жоспарында пайда болды. @NRG_monitor компанияға бірқатар сұрақтармен жүгінген болатын, олардың кейбіреулеріне жауап алынды.

2023 жылдың соңында «KC Energy Group» ЖШС құрылды, оның құрылтайшылары Қытай ұлттық мұнай корпорациясы CNPC және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ болып табылады. «KC Energy Group» компаниясын құру қажеттілігі неде?

Шынында да, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (49%) және Қытай Ұлттық мұнай корпорациясы (CNPC – 51%) мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнаманы және монополияға қарсы заңнаманы сақтай отырып, нарық қатысушыларымен ашық өзара іс-қимылдың жаңа әдістемесін енгізу мақсатында «KC Energy Group» компаниясын құрды.

Жаңа компания аграрлық кешенді, жылумен жабдықтаушы және энергия өндіруші кәсіпорындарды, АЖҚС, әуе компанияларды, әуежайларды және т.б., мұнай өнімдерімен қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасын дамытудағы стратегиялық маңызды буын болып табылады. «KC Energy Group» нарықтың барлық қатысушыларына сатылатын мұнай өнімдеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету міндеттемелерін өзіне алады. Айта кететін жайт, «KC Energy Group» жоғары сапалы өнімдерді елімізде қысқа мерзімде әрі қолжетімді бағамен жеткізеді.

Қазірдің өзінде нарықта осындай қызмет түрімен айналысатын ойыншылар бар.  Сіздің басқа компаниялардан айырмашылығыңыз неде?

Өзіміздің тарапымыздан басқа компаниялармен салыстырмалы баға беру дұрыс емес деп есептейміз, оған қоса бұл біздің құзыретімізде емес.

«KC Energy Group» компаниясына келетін болсақ, біз ашықтық пен айқындылық қағидаттарын ұстанамыз. Біздің қызметіміз ҚР аумағында қолданылатын заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес қатаң реттеледі. Біз республика экономикасын дамыту бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін өз әлеуетін барынша пайдалана отырып, тиімді жұмыс істеуге бағытталған жас, серпінді дамып келе жатқан компаниямыз.

Жаңа компанияның қызмет саласына не кіреді?

Компанияның жауапкершілік аймағына экспорттық-импорттық операциялар, атап айтқанда, көмірсутек шикізатын сатып алу, Қазақстан Республикасының МӨЗ-да қайта өңдеу және қайта өңдеу өнімдерін республика ішінде және сыртында өткізу кіреді.

Қысқа және орта мерзімді келешекте «KC Energy Group» қандай мақсаттарды көздеп отыр?

Біз еліміздің барлық өңірлерінің тұтынушыларын барынша тиімді және теңгерімді жабдықтау арқылы оның өсіп келе жатқан қажеттілігін қанағаттандыру үшін мұнай өнімдері нарығын жақсарту және дамыту.

Сатушы мен сатып алушы арасындағы барлық кедергілерді жою. Тұрақтылық пен сенімділіктің үлгісі болу.

Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезіну және орнықты даму қағидаттарын біріктіруге баса назар аудару.

Дереккөз: ENERGY MONITOR

Регистрация в ЕСУТД

Уважаемые Покупатели!
В соответствии с Правилами перевозок грузов автомобильным транспортом, утвержденными Приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 апреля 2015 года № 546 при оформлении путевого листа и товарно-транспортной накладной (ТТН) на бумажном носителе на грузовое автотранспортное средство с технической допустимой максимальной массой более 3,5 (трех с половины) тонн, перевозчик и грузоотправитель обеспечивает их регистрацию в единой системе управления транспортными документами (далее - ЕСУТД):
путевого листа - до начала смены (рейса);
товарно-транспортной накладной - до отправления груза.

В связи с внесением изменений в Кодекс об административных правонарушениях с 13 марта 2025 года вступает в силу административная ответственность за невыполнение данного требования и влечет наложение штрафа в размере до 60 МРП, за повторное нарушение до 80 МРП.
Для регистрации ТТН грузоотправителем необходимо наличие регистрации в ЕСУТД Перевозчика и Грузополучателя (Покупателя). Регистрация в ЕСУТД осуществляется с использованием ЭЦП юридического или физического лица.
В случае невозможности оформления и регистрации ТТН и путевого листа в системе ЕСУТД по причине отсутствия регистрации Перевозчика и Грузополучателя (Покупателя) в системе ЕСУТД, Товарищество не может гарантировать своевременную отгрузку товара и снимает с себя ответственность за возможные задержки в отгрузке
Ссылка для регистрации https://esutd.gov.kz/home

This will close in 0 seconds

Scroll to Top