САТЫП АЛУШЫЛАРҒА
Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін ішкі нарықта өткізу тәртібі
Құрметті нарық субъектілері!
«KC Energy Group» ЖШС «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (https://t.me/pkopkz/2167, https://www.pnhz.kz/press_center/news/?ELEMENT_ID=10649, https://www.anpz.kz/press_center/news/77235/anpz-perekhodit-na-proizvodstvo-mezhsezonnogo-dizelnogo-topliva/) МЕМСТ 32511-2013 және КӨ ТР 013/2011 талаптарына сәйкес ДТ-Е-К4 маркалы маусымаралық дизель отынын өндіруге өтетінін хабарлайды.
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС
- 2026 жылғы 20 қыркүйек СШТ -5 / -7 °С
- 2026 жылғы 1 қазан СШТ – 15 / -17 °С
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС
- 2026 жылғы 1 қазан СШТ – 15 / -17 °С
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС
- 2026 жылғы 10 қыркүйек СШТ -5 / -7 °С
- 2026 жылғы 1 қазан СШТ – 15 / -17 °С
Құрметті нарық субъектілері!
«KC Energy Group» ЖШС Компанияның корпоративтік порталы арқылы қолжетімді Мұнай өнімдерін сатып алуға Өтінімдерді (бұдан әрі – Өтінімдер) қабылдаудың жаңартылған Ақпараттық жүйесінің жұмыс істейтіні туралы хабарлайды.
Нарық субъектілерімен өзара іс-қимыл жасау қолайлығын арттыру, Өтінімдерді қабылдау мен қарау үдерісін ретке келтіру, сондай-ақ олардың тиісті есебін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Өтінімдерді мына сілтеме бойынша Ақпараттық жүйе арқылы жіберуге шақырамыз: https://kceg.kz/mybpm-reg/
Ақпараттық жүйені пайдалану Өтінімдерді жіберу фактісін, тіркеу күні мен уақытын электрондық форматта тіркеуге, жүйелі қарауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл Өтінімдердің жоғалу, қайталану немесе бұрмаланып есепке алыну тәуекелін азайтуға ықпал етеді, қосымша хат-хабар жазысу мен анықтау қажеттілігін қысқартады, сондай-ақ Компания мен нарық субъектілері арасында жедел, ашық әрі қолайлы өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Ақпараттық жүйе арқылы Өтінімдерді беру Компанияға түсетін өтініштерді жүйелі түрде өңдеуге, сатып алушылардың қажеттіліктерін ескеруге және кері байланыс сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Баяндалғанға байланысты барлық нарық субъектілеріне Ақпараттық жүйені Өтінімдерді жіберуге арналған негізгі арна ретінде пайдалануды ұсынамыз.
Ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз және Ақпараттық жүйені пайдалану «KC Energy Group» ЖШС-мен өзара іс-қимылды одан да қолайлы әрі тиімді етеді деп үміттенеміз.
Құрметті нарық қатысушылары!
«KC Energy Group» ЖШС корпоративтік портал арқылы сұраныстарды қабылдауға арналған жаңартылған Ақпараттық жүйенің іске қосылғаны туралы хабарлайды. Назарларыңызға ұсынамыз: мұнай өнімдерін сатып алуға арналған сұраныстарды беру Ақпараттық жүйеде нарық субъектісі ретінде тіркелгеннен кейін ғана мүмкін.
Осыған байланысты, нарық субъектілерін төменде көрсетілген сілтеме арқылы жеке кабинет ашу үшін Ақпараттық жүйеде тіркеуден өтуге шақырамыз:
Тіркелген нарық субъектілері үшін сатып алуға сұраныстар беру мақсатында жеке кабинетке кіру келесі сілтеме арқылы қолжетімді:
Техникалық қолдау
Тіркелу, авторизация және жүйеде жұмыс істеу бойынша сұрақтар туындаса, 08.30-ден 17.30-ға дейін хабарласуыңызды сураймыз:
E-mail: support.mybpm@richfitint.com
Тел.: +7 (702) 275 70 85, +7 (701) 309 59 04, +7 (702) 275 70 21
Бұл бөлім түйінді қуатқа тең қол жеткізу Қағидаларына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өткізу үдерісінде барлық контрагенттердің есепке алуы және орындауы үшін міндетті барлық қажетті ақпаратты қамтиды.
Нақты жеткізу көлемдері туралы ақпарат
(негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларының 18-21-тармақтарына сәйкес орналастырылған)
Жеткізу көлемі «KCEG» ЖШС 2026 жылдың тамыз айы
АИ-92 БЕНЗИНІ
АИ-95 БЕНЗИНІ
ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ
АВИА ОТЫНЫ
Мұнай өнімдерінің сауда-саттық тәртібін реттеуші құжаттар
- Мұнай базаларынан мұнай өнімдерін сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт
- Мұнай өңдеу зауытынан мұнай өнімдерін сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт
- Мұнай өнімдерін сатып алу жөніндегі өтінім (Текесу)
- Мұнай өнімдерін сатып алу жөніндегі өтінім (Павлодар – Порт)
- Мұнай өнімдерін сатып алу жөніндегі өтінім (Тендык)