Сатып алушыларға арналған ақпарат
Құрметті нарық қатысушылары!
«KC Energy Group» ЖШС корпоративтік портал арқылы сұраныстарды қабылдауға арналған жаңартылған Ақпараттық жүйенің іске қосылғанын хабарлайды:
Барлық мүдделі тұлғаларды 2026 жылғы 1 наурызға дейін тіркеуден өтіп, жеке кабинет құрып, Ақпараттық жүйеде одан әрі жұмыс істеуге шақырамыз.
Тіркелген пайдаланушылар үшін жеке кабинетке кіру мына сілтеме арқылы қолжетімді: https://cabinet.kceg.kz/auth
Функционал толық көлемде бапталып біткенге дейін, 2026 жылғы сәуір айына арналған және 2026 жылғы 1–20 наурыз аралығында жолданатын сұраныстарды төмендегі электрондық пошта мекенжайларына қосымша түрде жолдауларыңызды сұраймыз:
ПКOП бойынша: pkop@kceg.kz
ПНХЗ бойынша: pnhz@kceg.kz
АНПЗ бойынша: anpz@kceg.kz
Уақытша туындауы мүмкін қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Жаңартылған жүйеге көшу нарық қатысушыларымен өзара іс-қимылдың қолайлылығын, ашықтығын және жеделдігін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.
Түсіністік танытып, ынтымақтастық білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.
«KC Energy Group» ЖШС-гі осы хабарлама арқылы сізге «Мұнай өңдеу зауыттарынан жалпы стандартты сату шарттары» және «Мұнай базаларынан жалпы стандартты сату шарттары» жаңа нұсқаларының қабылданғаны туралы хабарлайды. Стандартты талаптардың нұсқалары 2026 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді.
Біздің артықшылығымыз
Компания акционерлері – Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ірі ұлттық компаниялары
Шикі мұнайды жер қойнауын пайдаланушылардан тікелей сатып алу
Ең жақсы бағамен әрі қысқа мерзімде жоғары сапалы мұнай өнімдері
Нақты жеткізу көлемдері туралы ақпарат
АИ-92 БЕНЗИНІ
АИ-95 БЕНЗИНІ
ДИЗЕЛЬ ОТЫНЫ
АВИА ОТЫННЫ
(негізгі қуатқа тең қол жеткізу қағидаларының 18-21-тармақтарына сәйкес орналастырылған)
Жеткізу көлемі «KCEG» ЖШС 2026 жылдың ақпан айы
«KC Energy Group» компаниясының қауіпсіздік, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау саласындағы стратегиялық басымдықтары (ҚЕҚОҚ)